Түркістан облысында 3 егіз бір мектептің табалдырығын аттады

Теги: , , ,
469

Түркістан облысы Келес ауданындағы №23 1-мамыр атындағы жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына үш егіз барды. Олар: Алинұр мен Айзере, Әділбек пен Әсілбек, Аман мен Есен.

Аталған білім ошағында «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасы өтіп, бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Бұл білім ошағына биыл 85 бүлдіршін бірінші сыныпқа барса, олар 4 сыныпқа бөлініп білім алады. Өткен жылы 27 оқушы түлеп ұшса, соның 10-ы еліміздегі жоғары оқу орындарындағы білім гранттарының иегері атанған.

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Келес ауданында 2023-2024 жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 3100-ден аса оқушы қабылданды. Жаңа оқу жылынан бастап аудандағы 1-4 сыныпта оқитын 13000-нан аса бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, аудан бойынша 3200-ден аса бала мектепке тасымалданса, биыл «Балалар жылы» аясында Келес ауданына 12 заманауи автобус берілді.

Алдыңғы пост
Шымкенттік тұрғын қарасора өсіріп, үйін фитолаборатияға айналдырған
Келесі пост
Тұрғындардың өтініші бойынша автобус бағыты арғымаққа дейін ұзартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu