Түркістанда 40 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды

Теги: , ,
487

Түркістан қаласында тәртіп сақшылары “Қорғау” бағдарламасының көмегімен төленбеген 40 айыппұлы бар көлікті анықтады.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығы көшелерін патрульдеу кезінде  “Қорғау-қауіпті жүргізуші” мобильдік бағдарламасының көмегімен “Mercedes Benz” маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің 530 мың теңгеден астам төленбеген 40 айыппұлы бары анықталған. Жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының көпшілігі жылдамдық режимін бұзумен байланысты.

Полицейлердің мәліметінше, бұдан өзге автокөлік иесінің жеке сот орындаушысының қаулысы бойынша 2 миллион теңгеден астам берешегі бар екені белгілі болды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Алдыңғы пост
Грант конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады
Келесі пост
Түркістан облысында бір күнде 4 бала суға батып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu