Түркістан қаласында жеңіл көлік жолаушысынан 1 келіге жуық марихуана тәркіленді. Обылстық Полиция департаментінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтау және тасымалдау дерегін анықтады. Облыс орталығының шағын аудандарының бірінен күмәнді “Равон” маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктегі жолаушыдан есірткіге ұқсас заты бар қорап табылды. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес алынған заттың 1 келіге жуық марихуана екені расталды.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.