Түркістандық келін қайын әпкесінің қымбат тонын ұрлап кеткен

357

Түркістан облысы Түлкібас ауданында тұратын әйел өз үйінде тұрған қымбат тонын жоғалтып алды. Оны байқаған ол дереу полицияға арызданған. Келтірілген шығын көлемі – 750 мың теңге. Аталған оқиғаны полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Жедел-тергеу тобы құрылып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тонды ұрлаған күдікті жәбірленушінің туыс келіні болып шықты. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жас әйел ақша қажет болған соң туысының тонын ұрлап, ломбардқа өткізген. Алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ұрланған тон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Ғаламторда жігітпен танысқан бойжеткен 2 млн тұратын алтын сақинасынан айырылды
Келесі пост
Қостанай облысында ер кісінің мәйіті өз үйінен табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu