395
Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың мәйіті табылды. Экс-шенеуніктің денесін Қаратал өзенінде жүрген балықшылар 11 маусым күні кешкі сағат 8-дер шамасында тауып алған.
Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Бұл факт қалалық полицияда тіркелді. Сот-медициналық сараптама жасалып, өлімнің себебі анықталатын болады.
Айта кетсек, Роза Барманова 2016-2022 жылдар аралығында Талдықорған қаласының білім бөлімін басқарған. 2022 жылдың қыркүйек айында өз еркімен жұмыстан кеткен.