353
Тараз қаласында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында облыс орталығындағы өзен маңынан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілері бар сөмке табылды.
Сөмке ішінен “МР-133” және 20 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтар, “PIETTA GHIBLY” маркалы мылтық, 9 мм калибрлі 30 патрон және шанышқы-пышақ тәркіленді.
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.