Түркістан облысындағы Жетісай ауданында тұратын әйел танысының құрғақ сөзіне сеніп, ақшасынан айырылды. Оның айтуынша, танысы әкесін межелі жасқа толуына байланысты зейнеткерлікке шығарып беремін деп уәде еткен. Бұл қызметі үшін 100 000 теңгеден астам ақша алған. Алайда не ақшасын қайтармай, не берген уәдесін орындамаған.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Қылмысқа қатысы бар ер адам анықталды. Ол жұмыссыз жүрген, жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып, іс-құжаттар Жетісай аудандық сотына жолданды»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.
Тергеу кезінде белгілі болған, күдікті жігіт бұл әрекетке оңай олжалы болу мақсатында барған. Алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген.