135
Қаржылық мониторинг агенттігі, «Жезді өзенін санациялау» жобасы шеңберінде тиісті түрде жұмыс атқармаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді аяқтады.
Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланған. Ол, іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Яғни, құрылыс объектісіне бармастан техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген.
Салғырттықтық салдары, ағымдағы жылдың көктемінде, су тасқыны кезінде 10 жеке үйдің суға кетуіне әкеліп соқты.
Су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланған.