Еліміздегі 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады.
«2020 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес, педагогтердің айлық еңбекақысы 100%-ға өсті. Сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіпорындардан тартылған мамандарға 30-35 % көлемінде үстеме ақы қосылды»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Ал, жалпы педагогтердің білімі, шеберлігі, санаты, еңбек өтілі, лауазымына қарай жалақысы тағайындалады.
Мәселен:
• Педагог-шебер – 50%
• Педагог-зерттеуші – 40%
• Педагог-сарапшы – 35%
• Педагог-модератор – 30%
Ал, ауыл мұғалімдеріне ерекше көңіл бөлінуде – олардың жалақысы қалалық әріптестеріне қарағанда, кемінде 25%-ға жоғары.