219
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, студенттерге жоғары білім алу үшін он жылға дейін пайызсыз несие берілмек. Қазіргі таңда, екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу механизмі қарастырылу үстінде.
Десе де, бұл несиені кез келген студент ала алмайды. Нақтырақ айтар болсақ, сараланған яғни, дифференциалды грант иегері болуы керек. Сонымен қатар, тұрақты табыс көзі бар, кемінде еңбекке қабілетті азаматына кепілдік берген үміткерге беріледі. Сондай-ақ, екінші деңгейлі білім беру депозиті, яғни “Ақыл” депозиті болуы тиіс.
Бірақ, бұл шарт жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар санатына жататын қарыз алушыларға қолданылмайды.