219
Атышулы Бишімбаевтың ісін қарап жатқан судья Айжан Құлбаеваны белгісіз біреулер қорқытып жүр. Ресми мәлімет бойынша, оның ұялы телефонына өзге біреулер хабарласып, қоқан-лоққы жасаған. Тіпті, қорқыту хабарламаларын да жіберген.
Қазіргі таңда, Астана қаласының полиция қызметкерлері, қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдарын жүргізуде.
Бұдан бөлек, судьяның бас қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, Айжан Құлбаеваға қатысты интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды. Бұл мәлімет бойынша да тиісті шаралар көріледі.