Құтқарушылар кір жуғыш машинаға қысылып қалған сәбиді аман-есен алып шықты

56

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауылында 2 жасар сәби ойнап жүріп, абайсызда кір жуғыш машинаның ішіне кіріп, қыстырылып қалған.

Баланы ата-анасы өздігінен шығара  алмаған.  Анасы шұғыл түрде құтқару қызметіне жүгініп, уөмек сұраған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар сәбиді сабырға шақырып, арнайы тәсілдер арқылы оны кір жуғыш машинаның ішінен сәтті шығарып алды.

Абырой болғанда, балақай ешқандай жарақат алмаған. Дәрігерлердің тексеруінен кейін оның денсаулығына қауіп жоқ екені анықтады.

Төтеншеліктер мұндай жағдайлардың алдын алу үшін кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Қауіпсіздік – бірінші орында екенін еске салады.

Алдыңғы пост
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті 
Келесі пост
Шымкентте «Аяла Голд» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu