323
Жағымды жаңалық!
Мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер ұстазына пәтер сыйлаған. Жаңаөзендегі №10 орта мектептің 2004 жылғы түлектері “Көмек Жаңаөзен” қайырымдылық қорымен бірлесіп, физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Қарақойшиеваға үш бөлмелі баспанамен қамтыды.
Олар, соңғы қоңырауда, ұстаздарына пәтер кілтін табыстаған. Сонымен қатар, демеушілер мен қайырымдылық қор өкілдері де өз сыйлықтарын табыс еткен.
Айта кетейік, Гүлнар Қарақойшиева 40 жылдан астам мектепте еңбек етіп, жаңаөзендік жастардың білім алуына өз үлесін қосып келеді.