53
Абырой болғанда, қаршадай қызды, Астаналық полицейлер құтқарып қалды.
102 арнасы арқылы кезекші бөлімге “Архар” көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.
«Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция капитаны Дулат Идрисов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Абдуалиев бақылауға алды. Олар еш кідірместен автокөліктен түсіп, қызбен сөйлесуге кірісті. Полицейлер оны сабырға шақыруға тырысты»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған. Бойжеткен, ата-анасына табысталды.