«Азия Дауысы» халықаралық музыкалық фестивалі Алматыда қайта жандануы мүмкін

428

​Алматының қазіргі басшысы Ерболат Досаев бір кездері танымал болған «Азия Дауысы» халықаралық музыкалық фестивалін қайта оралтуды қолға алмақшы. Бұл ақпаратты оңтүстік астана әкімдігі хабарлады.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде аудан тұрғындарының бірі бір кездері танымал болған фестивальді жандандыру туралы мәселе көтерді.

«Біздің Алматының даму бағдарламасында мәслихат қолдаған үлкен жоспарлар бар. Адамдар бізге жыл сайын келуі үшін бізде тұрақты негізде кемінде 30 іс-шара өткізіп тұру жоспарлануда. Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп «Азия дауысы» және басқа да тарихи қалыптасқан музыкалық фестивальдар мен ивенттерді жандандыру жоспарлануда», — деді Досаев кездесуге қатысушының ұсынысына жауап ретінде.

«Жақында мен Димаш Құдайбергеннің концертіне қатыстым, онда 30 000–нан астам адам болды, олардың жартысы — туристер. Осындай концерттер жиірек өткізілгенін қалаймын, сол арқылы қаланың музыкалық астанасы болуға мүмкіндігі болады — туристер келіп, жұмыс орындары ашылады. Бізде әйгілі Иманбек диджейіміз бар, оны да шақыруға болады. Алматыда мәдениет пен музыканы дамытуға толық мүмкіндік бар», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Азия Дауысы» фестивалі жыл сайын 1990 жылдан 2005 жылға дейін өткізіліп, танымал болып кеді. Фестивальдің идеялық шабыттандырушысы және ұйымдастырушысы 2020 жылы коронавирустық инфекциядан қайтыс болған Қазақстанның музыкалық теледидарының негізін қалаушылардың бірі Мұрат Ирғалиев болды.

Дерек көзі: Вечерний Алматы

Предыдущая запись
Международный музыкальный фестиваль «Азия Дауысы» хотят возродить в Алматы
Следующая запись
​Для акима Шымкента нет «неудобных» вопросов

1 комментарий. Оставить новый

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню