​«Жаужүрек мың бала». Батырдың рөлін сомдаған актердің жартылай жалаңаш образы елге жақпай қалды

Теги: ,
678

«Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді сомдап, елге танылған актер Асылхан Төлеповтің сахналық образы жұрттың ашуын тудырды.

Елордадағы «Музыкалық жас көрермен» театры актерінің «Махаббат бар ма?» комедиялық қойылымындағы рөлінің үзіндісі әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда актер сахнада басына орамал тағып, жартылай жалаңаш өнер көрсетеді. Қысқа шорты киген ол бексесін бұлғандатып, жас қызбен қымсынып билейді. Бұған дейін батырлардың рөлін сомдап, көзге түсіп жүрген Асылхан Төлеповтің бұл образын көпшілік сынап тастады. Желі қолданушыларының кейбірі бұл әртістің сахналық образы екенін, сондықтан түсіністікпен қарау керектігін алға тартты.
«Жат елдің әрекеті, күлетін түні жоқ. Еліктегенді қою керек қой», «Қандай қойылым болса да өте ұят. Көрудің өзі жиіркенішті», «Мұндай комедиясы құрысын», «Күйеуім актер болмағанына қуанып отырмын. Қанша түсінікті болса да біртүрлі ғой», «Жаужүрек мың баламыз» осылай жүр», «Артынан тұрып не істеді?», «Комедиялық спектакль, бұл әртістердің жұмысы», «Не деген адамсыңдар? Театрлық қойылым ғой. Көшеде жүрген жоқ», «Мен актер болсам, мұндай рөлді сомдамас едім», «Актерлік шеберлік деп бықсыта ма ұяттан безіп?», «Енді кезінде батыр боп ойнағанмын деп үйде отыру керек пе? Өнер адамы болған соң барлық рөлді сомдайды» деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Асылхан Төлепов 1992 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2012 жылы жарыққа шыққан «Жаужүрек мың бала» фильмінде Сартай батырдың рөлін сомдаған соң елге танылды. 2016 жылы Алматы қалалық мәслихаты депутаты атанып, үш жылдан кейін мандатын өз еркімен тапсырды.

Предыдущая запись
Ақтөбе: байланыс және электротехника колледжінде шу шықты
Следующая запись
Максат Абжанов: «Брат успел сказать маме, что он не вымогатель»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню