Шымкенттегі көп қабатты үйлердің жеделсатысына кім қызмет көрсетеді

Теги:
267

Шымкент қаласы әкімдігінің Қаулысымен мемлекеттік қадағалау қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жүктеді.

Қауіптілер санатына жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар және фуникулерлер жатады. Олардың барлығы міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Ол үшін әрбір көтеру механизмінің тиісті техникалық құжаттама болуы тиіс.

Лифтілерді қауіпсіз пайдалану ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылдың 30-желтоқсандағы 359 бұйрығымен бекітілген Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Сондықтан лифтіні іске қоспас бұрын, бекітілген Ережелердің талабына сәйкес көтеру механизмінің иесі (сертификатталған орнатушы) толық техникалық құжаттаманы ұсынуы керек.

Мемлекеттік тіркеуге өтінім барлық ұйымдастыру іс-шаралары өткізілгеннен кейін ғана беріледі. Тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес Е-gov платформасында электрондық форматта жүзеге асырылады.

Яғни, әр жеделсаты, эскалатор немесе фуникуляр мемлекеттік бақылауында болады.

Қазір басқарма қызметкерлері қаланың лифт шаруашылығына түгендеу жүргізуде. Өткен жылы 125 жүк көтергіш қондырғы сынақтан өткізіліп, оның 66-сы мемлекеттік базада тіркелді, қалғандарынан талапқа сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды. Бас тартудың себептері әртүрлі, бірақ көп жағдайда бұл техникалық құжаттаманың толық еместігі. Меншік иесі бәрін реттегеннен кейін оған мемлекеттік тіркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі».

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, жеделсатыны сақтау және дұрыс пайдалану жауапкершілігі көп қабатты үйдің тұрғындарына жүктеледі. Сервистік қызмет көрсететін ұйымдар лифтілер мен көтергіш механизмдерге техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Шымкентте оны 11 арнайы сервистік компания көрсетеді:

1. ТОО «Эйерлифт Қазақстан» — 8-701-444-84-50

2. ТОО «Шымкентлифтмонтаж» — 8-775-936-29-14

3. ТОО «Элитлифтсервис» -8-700-300-04-07

4. «Шым Электропром» Лифт» – 8-701-056-70-00; 8-708-645-87-63; 8-705-698-06-84

5. «Lift Story Shymkent» – 8-747-774-64-65; 8-747-725-52-37

6. «Шымкентторглифт» – 8-775-303-83-11; 8-708-359-05-06

7. «Қазақлифттехнологиясы» -8-701-454-38-78

8. «Қорған лифт» – 8-777-917-00-43

9. «ЛифтГрант» – 8-708-598-11-65,8-771-237-88-81

10. «Arman Lift» – 8-771-510-02-00

11. «Shuhrath Servis – 8-705-361-10-30

Бұдан басқа, көп қабатты үйлердің тұрғындары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымды негізде пайызсыз несие беру есебінен лифтілік тұрғын үй қондырғыларын ауыстыра алады. Жеделсатыны ауыстырғысы келетіндер аудандық әкімдіктерге немесе қалалық тұрғын үй басқармасына жүгіне алады.

Предыдущая запись
Кто обслуживает лифты многоэтажек Шымкента
Следующая запись
В рейтинг World University Rankings-2022 вошли еще четыре казахстанских вуза

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню