Қаржылы мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ірі көлемде алкгоголь өнімін заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді. Яғни, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында тиісті құжаттарсыз қомақты көлемде алкоголь өнімін одан әрі өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау және сақтау әрекеттері анықталған.
«Көкшетау және Петропавл қалаларының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық, бос пластик ыдыстар, дайын алкоголь өнімі табылып, тәркіленді. Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды» деп атап өтті агенттіктің баспасөз қызметіндегілер.