​2 млн теңгенің малын ұрлаған барымташы сотталды

Теги: ,
290

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында таңғы 04:30 шамасында үйінің қорасында тұрған 4 бас жылқысын ұрлатып алған ер кісі полицияға арыздаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгені құрады. Бұл жайтты полицейлер тез арада тіркеуге алды.

Жедел-тергеу тобы ақпарат алысымен оқиға орнына шығып, жедел шараларды жүргізді. Орын алған мал ұрлығы қылмыстарын ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында тәртіп сақшылары қарқынды қызмет атқарды. Жан-жақты іздестіру нәтижесінде күдіктінің ұрлаған жылқыларды жасырып отырған орны анықтады. Содан соң күдікті ретінде жергілікті тұрғын, яғни 46 жастағы ер адам ұсталды. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркелді.

«Бұл істі полицейлер толығымен аяқтап, сотқа жолдады. Нәтижесінде сот шешімімен күдікті ер азамат 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Ақордада Президент бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсырды
Следующая запись
​Шекарашылар шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын заңсыз берудің арнасын анықтады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню