«30 жылда жеткен жетістік». Бас жүлдеге 25 келі қант сыйлаған той иелері көптің талқысына түсті

Теги: ,
312

Әлеуметтік желілерде елімізде өткен тойлардың бірінде түсірілген видео пайда болды. Той иесі ұтыс ойынына бір қап қант қойған себебін шекер тапшылығымен байланыстырады. Ал асаба мұнша қантты көрмегелі біраз болғанын айтып, «қаптың ішіндегі расымен қант па?» деп қалжыңдап сұрайды.

Ұтыс ойынында Мақпал есімді келіншек жеңімпаз атанды. Ортаға шыққан ол жеңімпаз атану күтпеген жайт болғанын айтады. Оның артынша жұбайы ортаға шығып, бір қап қантты иығына салып алып кетеді.

Видеоны көрген желідегілер тойда болған жайтты қызу талқылап жатыр. Басым көпшілігі мұны қалжың ретінде қабылдады.

«Қант ең бағалы сыйлықтардың қатарына еніп жатыр», «Тойға әкелген ақшаны шығарып алды», «Мен негізі мұндай ойындарға мүлдем қатыспаймын, бірақ 25 кг қант үшін бас тартпас едім», «30 жылда жеткен жетістігіміз», «Масқара, жеткен жеріміз осы ма енді?», «Маған да бұйырсыншы», «Идея күшті екен», «Жақын күндері «нан ұрсын» дегеннің орнына «қант ұрсын» дейтін шығармыз» деп жазды желі қолданушылары.

Предыдущая запись
​Экс-вице-министр здравоохранения заявил о пытках во время содержания в СИЗО
Следующая запись
Қарағандыда ер кісі 13 жастағы оқушы қызды зорламақ болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню