50-ден астам көліктің аккумуляторын ұрлап кеткен жас жігіттер сотталды

Теги: ,
315

Түркістан облысы Арыс қаласы мен Ордабасы ауданындағы көлік жүргізушілерін сан соқтырып кеткен төрт жігітке қатысты сот үкімі шықты.

Нақтырақ айтсақ, Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданып, белгісіз біреулер «КамАЗ» маркалы жүк көлігінің 4 аккумуляторын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен жарты миллион теңге.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде Арыс қаласының 4 тұрғынын ұстады. Күдікті жас жігіттер бір ауылдың тұрғындары болып шықты. Олардың Арыс және Ордабасы аудандарында орын алған аккумулятор ұрлығын жасаудың 18 жайтына қатысы бар екендіктері анықталды. Ер адамдардан айғақты зат ретінде 20-дан астам ұрланған аккумуляторлар тәркіленді. Жалпы қолды болған аккумулятор саны 50-ден астам. Жәбірленушілерге келтірілген шығын — 3 700 000 теңге.

Белгілі болғандай, күдіктілер әр жасалған қылмысқа жоспар түзіп, сол бойынша дайындалған. Олар өз көліктеріне жалған нөмірлерді қойып, ұрлыққа кіріскен. Содан ауылдас сезіктілер арнайы құрал-сайманның көмегімен, қараусыз, яғни қоршауы әлсіз, тіпті жоқ аулаларда кілттенбей тұрған түрлі көліктерден аккумуляторларды оп-оңай ұрлаған. Кейін оларды Арыс, Шымкент қалаларындағы темір қабылдайтын орындарға өткізіп, түскен ақшаны өзара бөлісіп алған.

«Аталған жайт бойынша ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Өз кезегінде сот күдіктілердің бұрын сотты болмағандығын, келтірілген шығындарды өтеп, жәбірленушілердің барлығынан кешірім алғандарын ескеріп, әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады» делінген обылстық Полиция департаменті мәліметінде.

Предыдущая запись
Ақтөбеде жеке үй өртеніп, 4 адам жансақтау бөліміне түсті
Следующая запись
Девочка покончила с собой после многолетних действий сексуального характера своих родственников

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню