«7 млрд теңге»: Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен қозғалған іс туралы айтты

Теги: ,
377

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр екен.

«Бұдан басқа, Арыстанбек Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды» делінген ведомство ақпаратында.

Күдікті деп танылған Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 26 қыркүйекке дейін ұзартылған.

Предыдущая запись
«Это бойня»: в Алматинской области обнаружили странную постройку
Следующая запись
Шымкентте Назарбаев мектебінің мұғалімін күйеуі некесі қиылған күні өлтірген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню