392
Түркістан қалалық полиция басқармасына жәбірленуші арызданып келген. Ол өз арызында орталық базарда тұрған жүк таситын қол арбасын белгісіз біреу жымқырып кеткенін көрсеткен. Оның құны 80 мың теңге екен.
Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, базар аумағындағы бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті анықталған. Учаскелік инспекторлар оны бір тәулік ішінде ұстапты.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Күдікті базарда қараусыз тұрған арбаны көріп, ұрлап кеткен. Кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Ал арбаны темір өткізетін орынға сатып жіберген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген департамент мәліметінде.