407
Өскеменде белгісіз ер кісі 12 жасар оқушыға тап беріп, мойнынан қылқындырған. Оқиға қаладағы дүкендердің бірінде орын алған. Ер адамның жас балаға шабуыл жасаған сәті дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда оқушы достарымен касса алдында еш алаңсыз тұрған. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Белгілі болғаны, оқушыны қылқындырған ер кісі психологиялық диспансерде есепте тұрады. ШҚО Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, ер кісі психо-неврологиялық диспансерге жеткізілген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның қорытындысы бойынша бойынша процессуалдық шешім қабылданады екен.