Жылыжай мен заманауи техникамен жабдықталған ескірткі зертханасын қала маңындағы саяжайлардың бірінде 48 жастағы тұрғын ашқан. Жайқалып өскеніне қарағанда өсімдіктің күтімі жақсы болған. Ал, саяжай иесі оны өсірудің қыр-сырын терең меңгерсе керек. Ол полицияға шөпті өзім үшін өсірдім деп түсінік берген. Тұқым мен қажетті техниканы интернет дүкендерден сатып алғанын айтқан. Жылыжайдан бөлек, зертханада қарасораны өңдейтін арнайы бөлме бар.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары зиянды өсімдікті түгел жұлып әкетті. Полицияның ақпараты бойынша 400 грамнан асатын есірткі заты сараптамаға жіберілген. Ал, жылыжай қожайыны қамауға алынып, қазір тергеліп жатыр. Оның бар мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.