Алматыда үшем дүниеге келді

Теги: ,
453

Алматы қаласындағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында үшем дүниеге келді. Сәбилердің үшеуі де ұл бала. Салмақтары — 1990, 1940 және 2200 гр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалар кесарь тілігімен жарық дүние есігін ашқан. Көпұрықты жүктіліктің сирек жағдайын ескере отырып, операцияны орталық кафедрасының профессоры Сәуле Исенова жүргізген.

«Ұлдар жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді. Балалар әрқайсысы өздерінің мембраналарында шығарылды. Тек жатыр қуысынан шығарылғаннан кейін мембраналар ашылып, бала дүниеге келді. Шала туылған нәрестелерді шығарудың бұл әдісі әртүрлі мүшелерде қан кетумен байланысты көптеген асқынулардың алдын алады. Яғни, бұл жаңа әдіс балалардың денсаулығына байланысты түрлі қауіптерді болдырмауға мүмкіндік береді. Операция бір сағаттан астам уақытқа созылды және сәтті өтті. Қазір анасының жағдайы жақсы», — дейді Сәуле Шайкенқызы.

Балалардың үшеуі де жасанды тыныс алу қолдауымен реанимацияда жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.

Предыдущая запись
Сарыағашта жезөкшелер притоны анықталды
Следующая запись
Пятилетняя девочка из Щучинска, подтягиваясь, обошла бывалых спортсменов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню