Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, 6 қазан сағат 09:00-ден 7 қазан сағат 09:00-ге дейін «Қазығұрт» өткізу пункті (Қазақстан) және «С. Наджимов» (Өзбекстан) шектес өткізу пункті азаматтар мен автокөлік құралдардың өтуі үшін жабық болатынын хабарлайды. Ведомство мәліметінше, бұл екі мемлекеттің өткізу пункттері арасында өтетін газ құбырларында су сынау жұмыстарын «Узтрансгаз» АҚ жүргізуіне байланысты болып отыр.
«Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз» делінген Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.