​Қарағандыда тұрмыстық жанжал шыққан үйден 5 келі есірткі табылды

Теги: ,
388

Қарағандыда тұрмыстық жанжалға байланысты шақыртуға барған полиция қызметкерлері жеке үйден 5 келіден астам есірткі тәркіледі. Жанжал жеке үйлердің бірінде орын алған. Онда 55 жастағы үй иесі, оның 28 жастағы ұлы болған. Олардың барлығы Ресей Федерациясының азаматтары. Сонымен қоса ол үйге Грузиядан қонаққа келген 53 жастағы азамат болған.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында үйдегі бөлмелердің бірінен шарада тұрған жасыл түсті иісі бар өсімдік тектес зат табылған. Жедел жұмыстар барысында гараждан қара полимерлік пакетке салынған 4 дана қарасора сабақтары және есірткі заттарын пайдалану құралдары тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары жалпы салмағы 5 келі 200 гр «марихуана» есірткі заты екені белгілі болды» деп атап өтті Қарағанды полициясы.

Ұсталғандарға қатысты жүргізілген медициналық куәландыру барысында 28 жастағы азаматтың есірткі затын пайдаланғаны анықталған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Предыдущая запись
​Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген арқарды атқан қойшы ұсталды
Следующая запись
Миллиардный штраф могут предъявить «АрселорМиттал Темиртау» по итогам проверок

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню