​Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген арқарды атқан қойшы ұсталды

Теги: ,
431

Түркістан облысында экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Бәйдібек ауданындағы жергілікті тұрғыннан арқар еті табылды.

Табиғатты қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Алмас Серіков күнделікті жұмысын атқару кезінде таулы аймақта атты ер адамды байқап қалған. Оны тоқтатып, не мақсатпен жүргенін сұраған соң өзімен бірге алып келе жатқан қапқа көзі түскен. Қап ішінен белгісіз аңның жаңа сойылған еті табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалған.

Жас жігіттен жауап алу барысында ол қаптағы ет арқардың еті екенін, оны ұстаған кезін ұялы телефонына түсіріп алғанын айтқан. Анықталғандай мал бағып жүрген жас жігіт өзінің иттерімен бірге арқарды ұстап алған. Бұдан кейін тау арқарын сойып алып, қайтып келе жатқанында полицейге ұсталған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жайт Қылмыстық кодекстің 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Предыдущая запись
Генсек ООН: Более 70 журналистов убиты в этом году по всему миру
Следующая запись
​Қарағандыда тұрмыстық жанжал шыққан үйден 5 келі есірткі табылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню