471
Дәрігерлер науқастардың жағдайын айтты. Кешелі бері ауруханаға 9 науқас түскен. Тағы бірнешеуі үйінде ем алып жатыр. Олардың барлығы бір дүңгіршектен тауық етінен жасалған донер жеген. Науқастардың ең кішісі 1 жас жеті ай, ал ең үлкені 30 жаста.
«Жедел ішек ауруымен түскен науқастардың жағдайы қалыпты. Орташа ауырлықта. Дәрігерлердің қарауында, қажетті ем-дәрмектерін алып жатыр. Бір үйден екі-үш адамнан түсті. Тағы да одан бөлек үйде ауырып жатқан науқастар бар. Олар учаскелік дәрігер қарауында ем алып жатыр»,- деді № 2 облыстық ауруханасының инфекционист-дәрігері Әділбек Мақаш.