Шымкентте 609 млн теңгені жымқырған есепшілер сотталды

298

Шымкентте 610 млн теңгені жымқырған шенеуніктердің ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Elitar.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сот барысында Шымкент қалалық мәдениет басқармасының, «Мәдениет үйі» концерттік ұйымының бас есепшілері және олармен сөз байласып жүрген кәсіпкерге қатысты айыптаулар айтылды. Олар мемлекет ақшасын ысырап ету және жымқыру фактілері бойынша кінәлі деп танылды.

Соттың хабарлауынша, айыпталушылар карантин кезінде хаттамада концерт өткізгенін жазған, бірақ іс жүзінде ешқандай шара ұйымдастырмаған. Сондай-ақ сот бұл іске бастапқыда 6 күдіктінің қатыстырылғанын, бірақ үш айыпталушының кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылғанын айтты.

«Айыпталушылардың бірі – жеке кәсіпкер. Оның атына және туыстарының атына жеке субъектілер ашылған. Бұқаралық мәдени шаралар өткізеді деген желеумен бұл субъектілерге мемлекет қаржысы жіберіліп отырған. Сот залынан босатылған үш айыпталушыға келсек, олар мәдениет бөлімінің басшысы, басшының міндетін атқарушы және есепші. Есепші 7 жылға шартты түрде сотталды. Ал мәдениет бөлімінің бас есепшісі мен кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. «Мәдениет үйі» концерттік ұйымының бас есепшісі 8 жылға сотталды”, – деді судья Әбсаттар Шахидинов.

Предыдущая запись
Бухгалтеров в Шымкенте осудили за хищение 609 млн тенге
Следующая запись
​Қарағандыда өткен аукционда 20 теңгелік ескі купюра 15 мыңға сатылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню