Қазақстандағы ең қарт тұрғын Түркістан облысында тұрады

Теги: ,
246

Еліміздегі ең қарт тұрғын — 121 жаста. Жақында ғана туған күнін атап өткен зейнеткер Түркістан облысында тұрады.

Еңбек жне халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 100 жастағы және одан асқан 487 тұрғын бар.

Ресми дерекке сенсек, еліміздің оңтүстік өңірінің халқы көбіне ең көп өмір сүреді деуге болады. Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 75 адам бар. Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында еліміздің ең ірі қаласы – Алматы. Онда 100 жастан асқан 62 адам тұрады. Үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 55 адам тұрады.

«Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Түркістан облысының тұрғындары – 121 жас, Шымкент қаласы – 120 жас, Жамбыл облысы – 119 жас кірді. Қазақстанда барлығы 100 жастан асқан 31 адам тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады» деп атап өтті министрліктегілер.

Оны өткізудің басты мақсаты — егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.

Предыдущая запись
Как избежать инсульта и сохранить молодость: фельдшер из Кокшетау набирает популярность в TikTok
Следующая запись
Глава государства взял на особый контроль проблемы нового региона

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню