444
Полиция қазір тергеу амалдарына кіріскен. Бұл бап бойынша кінәлі саналған адам белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айрылып, 4 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Қазір бес жасар Аманжол өздігінен жүре алады. Алматылық бір кәсіпкер оған 18 миллион теңгенің протезін тегін салып беруге уәде берді. Тағы бір демеуші үй әперетін болды. Ал халықтан жиналған 12 миллион теңге баланың еміне жұмсалады. Өйткені иықтан кесілген қол жазылып, орны біткенше әлі біраз күтіну керек.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Батыс Қазақстан облысында бес жасар ойын баласы трансформаторға токқа түсіп, екі қолынан айрылған еді.