410
Оралдық полицейлер қыз саудасын жолға қойған екі азаматты қолға түсірді. Олардың нұсқауымен түнгі көбелектер мамыр-маусым айларында қаладағы сауналар мен пәтерлерде қызмет көрсетіп келген. Түскен ақшаны екі күдікті қалтаға басыпты. Ұйымдастырушылар клиентті табудан бастап, қыздардың жұмысын да реттеп жолға қойған. Тіпті арнайы жұмыс кестесін де түзіп, тиесілі еңбекақысын төлепті. Полиция бұл топ ұйымдастырушының нұсқауымен әрекет еткенін анықтады. Арнайы жасақ ұстаған күдіктілердің көлігінен бейсбол келтегі мен пышақ табылыпты. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.