572
Бұршақтың кесірінен облыстың Бәйтерек ауданындағы тұрғындар жапа шекті. Олар енді ғана көктеген бау-бақшасының тып-типыл болғанын айтады:
— Әуелі сіркіреп жауған жаңбырдың соңы бұршаққа ұласты. Енді ғана қылтиып, бүр жарған өскіндерді баудай түсірді. Бұршақ бірнеше секунд жауғанымен, бәрін отап кетті,-дейді Чувашка ауылының тұрғындары.
Ал Достық ауылының әкімі тұрғындардың шаруашылығына қандай зиян келгенін анықтаймыз деп отыр. Дегенмен мал-жанға басқа зиян келмеген. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті дауыл желдің кесірінен Казталов ауданында екі мәдениет үйінің шатыры ұшып кеткенін хабарлады. Сонымен қатар электр бағаналары құлап бүлінген. Адам шығыны жоқ, келген шығын көлемін комиссия анықтайтын болады.