757
Төтенше жағдай жарияланған Қаратөбе, Шыңғырлау мен Бөрлі аудандарының қатарына Жәнібек ауданы да қосылуы мүмкін. Ресей жақтан еріп келген қар суы осы ауданның Жақсыбай ауылын басып, 62 үйге су кірген. 637 адам эвакуацияланып, мектеп-ясли мен тума-туыстарының үйіне көшіріліпті. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұндай тасқын бұрын-соңды болмаған. Тіпті шекара заставасы да суға кетіп, қызметкерлері мектепке орналастырылыпты.
Өңірге көмекке Маңғыстау облысының ТЖД 50 қызметкері өз техникасымен, құрал жабдығымен келіп жетті. Олар су құрсауындағы Сырым, Қаратөбе және Тасқала аудандарына аттанды. ҚР ТЖМ вице-министрі Марат Көлдіков мен облыс басшылығы су басу қаупі бар тағы екі ауданды тікұшақ арқылы әуеде барлап шыққан.