Бір аптада 20 мың талапкер магистратура сынағын тапсырып, 153 ереже бұзылған

Теги: ,
249

20 шілдеден бастап талапкерлер магистратураға оқуға түсу үшін емтихан тапсырып жатыр. Бір апта ішінде 20 мыңға жуық абитуриент кешенді тестілеуден өткен. Оның 153-і сынақ тапсыру ережелерін бұзса, 4 адам өзге біреудің орнына тест тапсырмақ болған.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.

«Өкінішке қарай, бір аптаның ішінде ережелерді бұзған 153 адам анықталды. Оның ішінде тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 89 оқуға түсушінің, емтихан кезінде ережелерді бұзғаны үшін 61 оқуға түсушінің және бейнежазбаларды қайта тексеру қорытындысы бойынша 3 адамның нәтижесі жойылды. Кешенді тестілеу кезінде 3 талапкер смартфон пайдаланған. Яғни, емтихан материалдарын суретке түсіріп, аудиториядан шығарған. Тест тапсырушылардың сертификаттары жойылды, ал тест сұрақтары базадан алынды. Барлық бейнежазба қайта тексерістен өтетінін ұмытпағандарыңыз жөн» деп жазды Руслан Емелбаев.

Бұдан өзге FACE-ID жүйесінің арқасында тестілеуге кіргізу кезінде кешенді тестілеуді басқа адамдар үшін тапсыруға тырысқан 4 бөгде тұлға анықталған. Олар туралы ақпарат уәкілетті органға жіберіліпті.

«Кешенді тестілеуге тіркелу барысында тест тапсырушылар ережелерді толық оқып, келісімін белгілейді. Осыған қарамастан, кейбір қатысушылар түрлі қулықтарға барып, сынақты ереже бұзушылықтың арқасында тапсыруға тырысады»,-деді ол.

Предыдущая запись
Шымкенттегі Абай ауданы ауыз сумен 100% қашан қамтылатыны белгілі болды
Следующая запись
«С общежитиями полный швах» — первый проректор Кокшетауского вуза

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню