318
Шымкентте «Арбат» демалыс орнында отбасымен қыдырып жүрген кішкентай бала ойнап жүріп, ата-анасынан адасып кетті. Бүлдіршіннің көзден таса болғанын байқаған анасы дереу полицейлерге хабарласып, көмек сұраған.
Полиция департаментінің мәліметінше, жедел басқару орталығындағылар патрульдік полиция полкінің туристерге қызмет көрсету взводына шұғыл хабарлама жіберген.
Тәртіп сақшылары демалыс орны аумағындағы ойын алаңдары мен бейнебақылау камераларын қарап, жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бүлдіршін небәрі 15 минут ішінде табылды.
Баланың анасы полицейлерге өз алғысын білдірді.