Денсаулық министрі: Тамыз айында коронавирустың таралуы өседі

Теги: ,
349

Тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жағдайға дейін өседі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты. Министрдің айтуынша, ведомстваның сарапшылары эпидемиологиялық ахуалдың болжамын жасап, осындай тұжырымға келген.

«Вирустың ерекшілігін, денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін, аурудың таралуын ескере отырып, министрлік сарапшылармен бірге эпидемилогиялық жағдайдың болжамын жасады. Оған сәйкес, тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жағдайға дейін өседі. Ал қыркүйек айында төмендейді деп болжап отырмыз», — деді еліміздің бас дәрігері.

Бұдан өзге министр елімізде халықты вакциналау әрі ревакциналау үшін екпенің үш түрі барын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі таңда екпенің 1 млн 350 мыңнан астам дозасы бар. Жылдың аяғына дейін үздіксіз иммунопрофилактиканы қамтамасыз ету үшін 500 мыңдай QazVac вакцинасын, ал балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасының 300 мың дозасын алу жоспарланып отыр екен.

Предыдущая запись
На карте Шымкента появится район с новым названием
Следующая запись
Ақтауда демалуға келгендер пышақ ала жүгіріп, төбелес шығарды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню