Елімізде көп тілді меңгерген министрлердің тізімі жарияланды

Теги: ,
327

Қазіргі уақытта Қазақстанда 19 министрлік жұмыс істейді. . Ranking.kz компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, көп тіл білетін министрлердің рейтингін жасады.

Бірнеше тілді меңгеру жағынан министрлер көшін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастады. Ведомство басшысы жеті тілді (қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын) меңгерген.

Екінші орында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді (қазақ, орыс, ағылшын, корей, жапон) мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров (қазақ, орыс, ағылшын, испан, неміс) тұр. Екеуі де бес тілде сөйлейді.

Үздік үштікке ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жайғасты. Олардың әрқайсысы төрт тілді біледі.

Рейтинг жасаушылар Тамара Дүйсенованы қазақ тілін еркін меңгермеген шенеуніктер қатарына қосқан. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де мемлекеттік тілді білмейтін ведомство басшыларының тізімінде.

Еліміздегі 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Жалпы, Қазақстанда ағылшын тілін меңгеру деңгейі өте төмен. 2021 жылы түзілген EF EPI рейтингінде Қазақстан тізімнің соңғы орындарынан көрінген. Атап айтқанда, әлемдегі 112 елдің ішінде 96-орында.

Предыдущая запись
Шымкентте көлік жуу бекетіндегі жалдамалы жұмысшыны тоқ ұрды
Следующая запись
Қарны ашқан ер кісі дүкеннен 4 сусын мен 20 самсаны ақшасын төлемей алып кеткен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню