Елімізде картоп бағасы қанша пайызға қымбаттағаны белгілі болды

Теги: ,
594

Алдын ала деректер бойынша биыл 198,9 мың гектар жерге картоп егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға көп.

Еnergyprom сайтының жазуынша, өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында байқалған. Теріскей өңірде 31,5 мың гектар аумаққа картоп егілген. Екінші орында Алматы облысы (26,1 мың гектар), үшінші орында Павлодар облысы (24,9 мың гекта) еніп отыр.

Шілде айындағы жағдай бойынша елімізде 1 келі картоптың орташа құны — 182 теңге болған. Яғни, бір жылда 4,2 пайызға қымбаттаған.

Бағаның қымбаттауы Атырау облысының халқына қатты әсер еткен. Бұл аймақта өнім 43 пайызға өсіп, картоптың келісі 255 теңгеге жеткен. Үштік тізіміне Маңғыстау (21,6 пайызға қымбаттаған) мен Қостанай (20 пайызға өскен) облыстары енген. Ал Шығыс Қазақстан облысында картоптың орташа құны 137 теңгені құраған.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында картопты орташа тұтыну көлемі басына шаққанда 11,4 кг құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3%-ға аз.

Өнімді тұтынушылардың көшін Павлодар (13,9 кг), Ақмола (13,3 кг ) және Қостанай (13,2 кг) облыстары бастаған. Картоп тұтыну жағынан ең соңғы орын Шымкентке тиесілі. Мегаполисте орта есеппен бір адам 9 кг картоп тұтынған.

Предыдущая запись
Жайылымнан қой ұрлап кеткен жас жігіттер жолда көлік апатына түсті
Следующая запись
Қоғамдық автобус жүргізушісі жол үстінде телефонмен ойын ойнап отырған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню