374
Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Күдікті Самара қаласында бөтеннің мүлкін ұрлаған.
Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, шетел азаматы Сарыағаш ауданында қолға түскен. Ол шекара арқылы Өзбекстан Республикасына өтпекші болыпты. Қазіргі уақытта күдікті ұстау изоляторына қамалған. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.
Атап өтсек, жыл басынан бері Түркістан облысында халықаралық іздеу жарияланған 7 қылмыскер ұсталған.