Интернет алаяқтары қоңырау шалатын телефон нөмерлері бұғатталады

Теги: ,
378

Ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, қашама адамды сан соқтырып отырған алаяқтармен күрес күшейе түспек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды.

Ведомства басшынысың дерегінше, елімізде интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері көбеюде. Мәселен, 2016 жылы — 1 мың жағдай тіркелген болса, 2021 жылы — 21 мыңға дейін өскен. Алаяқтармен күресу мақсатында Бағдат Мусин еліміздің бас полицейі Марат Ахметжаовпен бірге интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылаған.

«Біз қазіргі уақытта байланыс операторларымен бірге осы мәселеге қатысты бірлескен іс-шараларды жүзеге асырудамыз. Бүгінгі таңда алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі- жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайтын болады» деп жазды министр.

Қазіргі таңда Цифрлық даму министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастырып жатыр екен. Осылайша, ведомства телефон нөмірлерінің бөтен адамдарға тіркелу жағдайларының алдын алуды көздеп отыр.

«Сондай-ақ, біз интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынамыз. Өйткені алаяқтық фактілердің орын алуы көп жағдайда банк операцияларымен тікелей байланысты. Банк қызметкерлері тұрғындарға хабарласқан уақытта оның шынымен де банктен хабарласып тұрғанына көз жеткізу үшін SMS-хабарламалар арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізуге болады» делінген жазбада.

Министр өз жазбаында кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері интернет алаяқтығы мәселесін шешу тұрғысында өз ұсыныстарын ортаға салғанын атап өтті. Мысалы, алаяқтарға және олардың айла-амалдарына қатысты барлық мәліметтер енгізілетін арнайы платформа құру туралы да сөз қозғалған.

«Біз ұсынған бастамалар проблеманы түбегейлі жоймайтынын атап өткім келеді. Бұл — мәселені шешудің бір ғана бөлігі. Сондықтан технологиялық тұрғыдан басқа, арнайы жобалар арқылы халықтың қаржылық және заңдық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Интернет алаяқтық мәселесін тиімді шешу бағытында көптеген идеялар мен тың ұсыныстар айтылды. Енді олардың барлығын бірлесе іске асырумыз қажет» деп сөзін түйді Бағдат Мусин.

Предыдущая запись
«Вы сумасшедшая!»: жители Караганды отреагировали на поступок бизнесмена после обрезки деревьев
Следующая запись
Сарыағашта қарақшылық шабуыл жасаған ұры үй иесін ұрып-соғып, пышақтап кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню