419
Павлодарда тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген бойжеткеннің жігіті алаяқ болып шықты. 25 жастағы жергілікті тұрғын жігітімен кездесіп жүріп, алданып қалған. Жас жігіт бойжеткенді махаббат оқиғасына сендіріп, тіпті үйленетінін жеткізген. «Болашақта ортақ бизнесіміз болады» деген сылтаумен оның есепшотындағы жинаған бүкіл қаржысын алған жігіт онымен қоймай қызды екі рет несие алуға көндірген. 4 ай бойы оның құрғақ уәдесіне сеніп келген бойжеткен жігіттің алаяқтығын сезіп полицейлерге арызданған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде «ессіз ғашықтың» рөлін сомдаған жігіт ұсталған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.