Оқу-ағарту мен Ғылым министрліктерін қайта құру жұмыстары аяқталды

Теги: ,
296

Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін қайта құру аяқталды. Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысының министрлікті бөлу туралы шешімі — отандық ғылымның да, жоғары білім беру жүйесінің де, жалпы білім беру саласының дамуы үшін де өте маңызды. Бұл құрылған екі министрлікке алға қойылған міндеттерге және проблемаларды шешуге егжей-тегжейлі назар аударуына мүмкіндік береді» деп жазды министр.

Енді Оқу-ағарту министрлігінің құзырына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері кіреді. Министрліктің қарамағында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету мәселелері де бар.

Жоғары білім және ғылым мәселелерімен Ғылым және жоғары білім министрлігі жұмыс істейді.

Предыдущая запись
Казахстанка обвинила мужа, гражданина Египта, в похищении их дочери
Следующая запись
Жетісайлық ата-ана 5 жасар қызы мен шақалақ ұлын көлікте қалдырып кеткен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню