356
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунованың айтуынша, жараланған әйелдердің жағдайы жаман емес. Қазір олардың бірі қалалық аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылып, «басы мен миы шайқалған» деген диагноз қойылыпты. Жағдайы орташа ауыр. Ал қасындағы құрбысына медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберіліпті.
Полиция екі адамды аяусыз соққыға жыққан күдіктіге «бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанымен, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алып үйіне жіберіпті.