ҚР Ұлттық Ұлан қолбасшылығы жас сарбаздарға 312 миллион теңгенің қол сағатын бәрібір сыйға тартпақ

Теги: ,
209

Биыл Отан қорғауға келген сарбаздар үйіне алтын сағат тағып оралады. ҚР Ұлттық Ұлан қолбасшылығы жауынгерлерге осындай қымбат сыйлық жасауды ұйғарыпты. Әскерилердің ресми жауабына сүйенсек, биыл Ұлттық Ұланның құрылғанына 30 жыл толады. Осы мерейлі датаны ерекше атап өтуге тырысқан құрылым үлгілі тәртібімен қаруластарына өнеге көрсеткен жас сарбаздарға осындай сый жасамақ. Ұлттық ұланды ұлықтау үшін бюджеттен 312 миллион теңге бөлініп, 7 мыңнан астам сарбазға «командирлік» қол сағат тағылады. Әрқайсысы 44 642 теңге тұратын қол сағатта ҚР Ұлттық ұланның нышаны бейнеленіп, артқы қақпағына Мемлекеттік Елтаңба салынуы, былғарыдан бау тағылып, тіпті корпусы алтынмен апталуы тиіс.

«Орталық», «Шығыс» және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы сағат саудасына енді кіріссе, «Оңтүстік» әскерилері олардан озып, «ASSIMA» компаниясымен келісімшарт жасап үлгіріпті. Оңтүстікте әр сағат 39 мың теңгеге бағаланған. Бұл өзге өңірлерден 5 642 теңгеге арзан. ҚР Ұлттық ұланы баспасөз хатшысы Ерболат Сұлтанов сарбаздарға жасалар тарту-таралғы туралы былай дейді:

— Бұл сағаттар мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған. Яғни әскери борышын өтеп жатқан жас жауынгерлерге сый ретінде беріледі. Бұл қол сағат олардың әскердегі өмірінен естелік болып қалады.

Осылайша әскерилер бұл бастамаға қарсы болғандарға қарамастан, бәрібір қымбат сыйлық жасауға бекініп отыр. Айта кетелік, әлеуметтік желі қолданушылары қазіргі қиын жағдайда қыруар қаржы шығындап, қымбат сыйлық жасау қазына мүлкін орынсыз ысырап қылу деп сынаған еді. Тіпті қаралы қаңтар оқиғасында жас сарбаздардың соққыға жығылуын қолында алтын сағаты болмағанымен байланыстырып, күлкі қылғандар да табылды.

Предыдущая запись
АЭС в Казахстане — быть​ или не быть​?
Следующая запись
Жительница Уральска пытается доказать, что она …живая

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню