Шымкентте гид-экскурсоводтарға арналған семинар-тренинг өтіп жатыр

Теги: ,
299

Шымкентте туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар бұл шеберлік сабақтарының басты мақсаты туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру екенін атап өтті.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, семинар-тренингті бизнесті дамыту бойынша кеңесшілер, сату және брендті нарықта ілгерілету, топ позицияларында ұзақ жұмыс өтілі бар сертификатталған Түркия, БАӘ, Өзбекстан елінен келген коуч мамандар мен жергілікті білікті практиктер жүргізуде. Олар экскурсия жетекшілеріне саладағы жаңа әдістер, өзге елдер практикасы мен гидтердің негізгі қасиеттері туралы айтса, қонақ үй әкімшілеріне менеджмент, нақты нәтижелерге қол жеткізу секілді ақпараттар беруде.

«Шымкентке биыл 3 айда 97 501 турист келген. Бұл көрсеткіш өңірімізде туризм саласының қарқынды дамып жатқандығын айқындайды. Келген туристі алдымен күтіп алатын қонақ үй өкілдері мен олардың қаланы танып-білуде экскурсия жүргізушілерінің біліктілік дәрежесі аса маңызды. Бүгінде Шымкентте арнайы білімі бар, сертификатталған 80-ге жуық гид-экскурсовод бар. Сала өкілдерінің білімдерін жетілдіру арқылы қаланың туристік әлеуетін көтере отырып, туристердің сапалы демалуына жағдай жасаймыз» — дейді «Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығының жетекшісі Ерлан Омаров.

Аталған шара 5 күнге созылмақ. Шара соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Предыдущая запись
Оралда есірткі таратқан мектеп оқушысы сотталды
Следующая запись
Шымкент: в этом году решится вопрос водоснабжения населенного пункта Текесу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню