​Шымкентте жаңа шағынаудандар пайда болуы мүмкін

Теги: , ,
267

11 мектеп, үш спорт және коммерциялық нысан, жаңа ауруханалар. Бүгінде Shymkent ӘКК «портфелінде» 60-тан астам жоба бар. Дәл осы инновациялық жобалар елдің үшінші мегаполисінің дамуы мен өркендеуіне бағытталған.

Қазіргі сәтте тұрғын үйлер құрылысы саласында 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл бірінші кезекте тұрғындардың көптеп көшіп келуіне, соған сәйкес жайлы тұрғын үйге сұраныстың артуына байланысты

Қала басшысы кешенді құрылысқа қажетті бірнеше орынды белгіледі, ал бас жоспардың мақсаты – қаланы орталықсыздандыру.

Қазір негізгі коммуникация қаланың орталығында шоғырланған. Мұнда ауруханалар, мектептер, саябақтар, супермаркеттер, мемлекеттік мекемелер орналасқан. Енді жаңа шағынаудандар қаланың шеткі аумақтарында пайда болады.

Мысалы, Тұран шағынауданының құрылысы қарқынды жүріп жатыр (шамамен 470 гектар), мұнда жаңа көпқабатты үйлер мейілінше көп салынуда, айналаны абаттандыру жұмыстары басталды. Шағынаудан құрылысына инвесторлар тартылды. Олар мемлекеттік құрылымдармен қатар қаланың дамуына септігін тигізіп отыр.

Бұдан бөлек, жобалардың бір бөлігі жүзеге асырылған «Бозарық» тұрғын үй алабын әрі қарай дамыту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жаңа аудан тұрғындарына емхана, аурухана, балабақша мен мектептер жететіндей есеппен жүргізіліп жатыр. Сол себепті де, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация әлеуметтік нысандар құрылысы үшін жеке инвестиция тарту мақсатында әлеуетті инвесторлармен тығыз жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, мегаполис мәртебесіне ие болған сәттен бастап Шымкент бизнесті дамыту бойынша көшбасшы қалалардың біріне айналды. Мұнда өз ісіңізді ашу оңай. Жергілікті кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, соңғы төрт жылда бизнесмендердің саны он мыңнан асты. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы белсенді дамуда.

Предыдущая запись
​Привет из прошлого можно получить на улицах Шымкента
Следующая запись
​Новые микрорайоны могут появиться в Шымкенте

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню