Шымкентте жалған полицей ұсталды

Теги: ,
258

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын полицей озбырлығының құрбаны болғаны туралы арызданған. Азаматшаның айтуынша, бейтаныс адам өзін Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін «Полицей» әйелден ай сайын оған 80 мың теңге көлемінде ақша беруді талап еткен.

Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және оның санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің экс-қызметкері екендігі анықталды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Предыдущая запись
Минторговли проведет онлайн-конференцию по вопросам защиты прав потребителей
Следующая запись
Страшное ДТП в Жамбылской области: сгорели машины, есть погибший и пострадавшие

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню